27
қараша
2016
Алмалы ауданына қарасты МКҚК №12 балабақша
Алматы қаласы Алмалы ауданына қарасты МКҚК №12 балабақша 1970 жылы ашылған. Орналасқан жері Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 120 үй. Балабақша типтік екі қабатты ғимарат. Үш топтық балабақша 2006 жылы жалға алушылардан босатылып, төртінші топ ашылды. Балабақша екі тілде жұмыс жасады.
2010 жылы балабақша қаржылық тексеруден өтті. 2010жылы қыркүйек айының 13 жұлдызы мен 2011 жылдың 1 ақпанына дейінгі аралықта балабақша күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеуден кейін елбасының «Балапан» бағдарламасы бойынша 30 балаға арналған бесінші топ ашылды. Сонымен қатар балабақша бірыңғай мемлекеттік тілде жұмыс жүргізуді бастады.Балабақша тәжірибелі мамандармен қатар жас мамандармен толықтырылды. 2011 жылы сәуір айында балабақша мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
2008 жылы балабақша ұжымы «Бүгінгінің кішісі-болашақтың кісісі»байқауына қатысқаны үшін алғыс хатпен, Алмалы аудандық соғыс ардагерлері мен зейнеткерлер кеңесінің құрмет грамотасымен, 2011 жылы Республикалық «Балалық шақ» орталығының құрмет грамотасымен марапатталды.
Балабақша бүлдіршіндері аудан және қала көлеміндегі жарыстарға қатысып, тиісті орындарды иеленіп отырады. 2010 жылы Алматы қаласы балабақшалары арасындағы «Тамаша сөре» велосипед жарысына үлес қосқаны үшін мақтау грамотасымен марапатталды. Сол жылы Алматы қаласында тіл мерекесіне орай өткізілген «Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлеуі» байқауына қатысып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. 2011 жылы қалалық музыкалық конкурс фестиваліне қатысып, ІІ дәрежелі Дипломды иеленді. 2011 жылы Алматы телеарнасының «Жүзден жүйрік» бағдарламасына қатысып, теледидарға түсті. 2014 жылы қыркүйек, қазан айларында балабақша бүлдіршіндері «Алматы телеарнасының «Балапан» бағдарламасына, желтоқсан айында «Хабар» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына түсіп, теледидардан көрсетілді. 2015 жылы балабақша тәрбиеленушісі Чабден Айлана Ерланқызы Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдығының қарсаңында Республикалық «Бірлігіміз жарасқан 20жыл» атты көркем сөз, ән-би байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша қатысып, І орынды иеленгені үшін Дипломмен марапатталды. Осы байқауда қазақ көркемөнері мен мәдениетінің дамуына үлес қосып, шәкірт тәрбиелегені үшін тәрбиеші Батырханова Бинұр Сағымбайқызы Алғыс хатпен марапатталды.
Әдіскердің ұйымдастыруымен балабақша тәрбиешілері де өзара жарыстарға қатысып отырады. 2010 жылы балабақша ішілік «Сөзмерген» байқауы аудандық балабақша әдіскерлеріне көрсетіліп, олардың көңілінен шыға білді. 2013 жылы «Талантты тәрбиешілер» байқауы өткізілді. Бұл байқауларда тәрбиешілер білімдерін, өнерлерін, шығармашылықтарын ортаға салу арқылы өздерін шыңдай түсті. Сегіз қырлы, бір сырлы тәрбиешілер қауымы бұл сыннан да сүрінбей өтіп, өз жетістіктеріне қуанып жатады.
Тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-іәрекеттерінің жоспары «Бала мен балабақша», «Оқыту, тәрбиелеу технологиясы», «Өзін-өзі тану» журналдарында жарық көріп, жарияланып тұрады.
2012 жылы балабақша ұжымы мен бүлдіршіндері туралы халықаралық «Дала» журналында жарияланды.
Балабақшада Білім беру бағдарламалары, жылдық жоспар, оқу әдістемелік құжаттары бар. Оқу жоспары Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес келеді. Оқу білім беру процесі «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларын жүзеге асыру негізінде құрастырылған және «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларын дамытуға бағытталған.
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша денешынықтыру оқу іс-әрекетін жүйелі жүргізу, спорттық ойын-сауықтар шаралары арқылы дені сау тұлға қалыптастыру.
«Қатынас» білім беру саласы бойынша мәдени әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, көп тілді тұлғаны тәрбиелеуді жүзеге асыру.
«Таным» білім беру саласы бойынша әлемнің тұтас бейнесін түсінетін, ақпараттық мәселелерді шешуге дайын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша музыка және бейнелеу іс-әрекеті арқылы шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша жағымды мінез-құлық пен қатынасқа қабілетті тұлғаны тәрбиелеу көзделеді.
Балабақшада 2 жастан 3 жасқа дейінгі І кіші топ «Алғашқы қадам» бағдарламасымен , 3 жастан 5 жасқа дейінгі ІІ кіші және ортаңғы топтар «Зерек бала» бағдарламасымен, 5 жастан 6 жасқа дейінгі ересектер тобы «Біз мектепке барамыз» бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқу тәрбие бағдарламаларының мектепке дейінгі мекеме үшін маңызы зор. Әр бағдарлама балалардың жас ерекшелігіне сай, балалар өмірінен өзіндік орнын тапқан құнды дүние десек те болады.
Қазіргі таңда балабақшада 12 педагог жұмыс істейді. Оның екеуі-жоғарғы санатты, үшеуі-бірінші санатты, екеуі екінші санатты педагогтар. Қалған төртеуі-жас мамандар.
Жас мамандар тәжірибелі мамандармен тәжірибе алмасып отырады. Педагог мамандар ашық түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу арқылы, оны өзара талдау арқылы, өз білімдерін шыңдап отырады.
Қазіргі техниканың жетілген заманында жаңа технологияны қолдана отырып сабақ өту, берілген білімді бала жүрегіне жеткізе білубіздің ең басты міндетіміз. Әрине қазіргі кезде білім беретін мекемелердің барлығы заманмен бірге аяқ басып, заманауи техниканың алуан түрлерімен жабдықталып отыр. Біздің балабақшада қазақ тілін интерактивті үйренуге арналған 35 негізгі, 25 қосымша тақырыптардан және 10 тақырып ағылшын тілінде «Сиқырлы қалам» атты көрнекі құрал, сонымен қатар «Даналық әліппесі» атты инновациялық сөйлейтін қалам қолданыста. Бұл әрине тәрбиешілер үшін де, балалар үшін де өте тиімді әрі құнды дүние.
Балабақшада барлық атаулы мерекелерге арналған іс-шаралар жүргізіліп отырады. Мерекелерге арналған ертеңгіліктерде балалар өздерінің білімдері мен өнерлерін ортаға салады. Ертеңгіліктерге ата-аналар қатысып, тәрбиешілерге өз ризашылықтарын білдіріп жатады.
Өмірдің мәні де, сәні де, базары да, ажары да, еркесі де, ертеңі де балалар. Осындай адал да, аңғал періштелерді тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Бала жүрегіне жол тауып, болашақтың иелеріне дұрыс бағыт беру-мақсатымыз. Сол жолда отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайтуымыз қажет.
Қымбатты ата-аналар! Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бүлдіршіндерімізді оқыту мен тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етейік. «Тәрбие-тал бесіктен басталады» демекші баланың алғашқы ұстазы-ата-анасы. Балаға берілер білімнің алғашқы іргетасын қалау-мектепке дейінгі мекеме педагогтарының міндеті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей отбасы ұясының да, балабақша ұясының да берген тәрбиесі саналы, білімі сапалы болсын дегім келеді.