Өзін өзі бағалау қорытындысы
2024-2025 оқу жылына арналған балабақша жұмысы туралы есеп.
КМҚК «№ 12 бөбекжай-балабақшасы» Құрманғазы көшесі 120 мекен-жайы бойынша орналасқан. 1970 жылы салынған . Балабақшаның жобалық қуаты 120 бала, 5 топ жұмыс істейді. Оқыту тек қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақшада 25 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 12 педагог. 2025 жылы аттестаттаудан 1 педагог модератор біліктілік санатына өтеді. Балабақша меңгерушісі Нурманбетова Гулжамал Дакесовна еңбек өтілі 31 жыл, осы мекемеде 4 жыл меңгеруші лауазымында, басшы-ұйымдастырушы санаты бар.
Балабақша үй-жайларының санитарлық жай-күйі қанағаттанарлық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. 2023 -2024 оқу жылында бақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Алмалы ауданының прокуратурасы қысқы-көктемгі, жазғы-күзгі ас мәзірінің тамақтану нормаларына сәйкестігіне талдау жүргізді.Талдау қорытындысы бойынша № 320 қаулының 3 қосымшасына сәйкес тамақтану нормаларының сақталмауы анықталды. Медбикеге қатаң сөгіс берілді.
Биыл 2025 жылдың жаз айында балабақшаның ауласына, яғни алаңқайларға төсеніштер төсеу , балалар ойнайтын ойын жабдықтарын ауыстыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
2024-2025 жылдары балабақша МЖМБС және МДҰ Әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес оқу-тәрбие процесін жүзеге асырды. 2025 жылдың 27-наурызында балабақшада Үштік одақ аясында «Мен бүгін тәрбиешімін» тақырыбында аудандық ашық есік күні өткізілді.Балабақшамыз аудан көлемінде өткізілген іс-шараларға ұйымшылдықпен белсенді қатысып, жүлделі орын иегерлері атанды. «Бояулар құпиясы» байқауларына қатысты. Олар Ересек «Айналайын», «Айгөлек» топ балалары жүлделі орындар иеленді.
- 2025 жылы «Шексіз талант» шығармашылық VII фестивалінің аудандық кезеңінде «Бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша III орын иегері Баймуханова Гулназат Шымбергеновна;
- 2025 жылы «Шексіз талант» шығармашылық VII фестивалінің аудандық кезеңінде «Вокал» номинациясы бойынша III орын Шаяхмет Камшат Қанатбекқызы;
- 2025 жылы «Шексіз талант» шығармашылық VII фестивалінің аудандық кезеңінде «Үздік декламатор» номинациясы бойынша III орын Өмірұзақ Меруерт Ізмағанбетқызы.
Оқу жылында қызметкерлердің жұмысына, тамақтануға байланысты шағымдар болмады. Е-өтініш сайтына 4 өтініш және 2 шағым түсті.Олар уақытылы тіркеліп, мазмұнына қарай жауап қайтарылды.
КМҚК «№12 бөбекжай-балабақшасы»
меңгерушісі : Нурманбетова Г.Д